2. Жергiлiктi атқарушы орган борышының лимиттi тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет кiрiсiнiң 25 процентiн құрайды.
3. Жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемi тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет кiрiстерiнiң 10 процентiнен аспауы тиiс.
203-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеу және қызмет көрсету
Жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеу және қызмет көрсету олар тиiстi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджетте көзделген қаражаттар есебiнен, Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
46-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу және борыш
204-бап. Мемлекеттік кепiлдiк
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкiметтiк, егемендiк) кепiлдiгi - Қазақстан Республикасының қарызшы резидентi одан есептелетiн соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда берешектi толық немесе iшiнара өтеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз берушi алдындағы мiндеттемесi.
2. Мемлекеттік кепiлдiктер заем берушiлерге олар алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етуi ретiнде берiледi.
3. Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы атынан кепiлдiк берудiң ерекше құқығын Қазақстан Республикасы Үкіметі иеленедi.
Мемлекеттік кепiлдiктердi берудi Қазақстан Республикасы Yкіметінiң тапсырмасы бойынша бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік кепiлдiктердi беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
205-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер берудi шектеу
1. Мемлекеттік кепiлдiктер тиiстi қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген лимит шектерiнде берiледi.
2. Мемлекеттік кепiлдiктер жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын қамтамасыз ету ретiнде берiлуi мүмкiн емес.
3. Мемлекеттік кепiлдiк беру лимитiнiң көлемi осы лимит белгiленген тиісті қаржы жылының шектерiнде ғана пайдаланылуы мүмкiн.
206-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер беру шарттары
1. Мемлекеттік кепiлдiктер Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары негiзiнде берiледi.
2. Мемлекеттік кепiлдiктер беру осы Кодекстiң 207-бабына сәйкес гаранттың мiндеттемесiн орындау кезiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі шығаратын бюджет қаражаттарынан қарызшыға қайтарып беру шарттарында жүзеге асырылады.
3. Қарызшыдан мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекеттік кепiлдiк бергенi үшiн мемлекеттiң жүз процент қатысуымен құрылған заңды тұлғалар үшiн мемлекеттік кепiлдiк сомасының 0,2 % мөлшерiнде және өзге де заңды тұлғалар үшiн мемлекеттік кепiлдiк сомасының 2 % мөлшерiнде алдын ала бiржолғы төлем (алым) алынады.
4. Мемлекеттік кепiлдiк беру мемлекеттік кепiлдiктi атқару арқылы республикалық бюджеттен жiберiлген қаражатты қайтару жөніндегі мiндеттемелердiң орындалуы қамтамасыз етiлгенiн растайтын iшкi кредиттiк келісім мен құжаттар ресiмделiп, тiркелгеннен кейiн жүзеге асырылады.
Iшкi кредиттiк келісім - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бойынша мiндеттемелердiң орындалуына байланысты жiберiлген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөнiнде, мемлекет кепiлдiк берген қарыз шарты бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн, бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық атқарушы орган, сенiм бiлдiрiлген (агент) пен мемлекет кепiлдiк берген қарыз қарызшысы арасындағы келісім.
207-бап. Мемлекеттік кепiлдiк алудан үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптар
1. Қарыздар бойынша мемлекет кепiлдігін алуға үмiткер заңды тұлғаларға осы заңды тұлғалар қарызшы ретiнде болғанда мынадай талаптар қойылады:
1) кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырушының Қазақстан Республикасының резидентi болуы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен бекітілетiн тиiстi кезеңге арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiмен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылып отырған инвестициялық жобалар тiзбесiне енгізілген жобаларды iске асыруды жүзеге асыруы;
3) банктiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi органның келісімi бойынша бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген қарыздардың қайтарымын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын банк кепiлдiгiнiң болуы;
4) салалық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
5) бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
6) экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
7) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
8) мемлекеттік кепiлдiктер ретiнде бұрын алынған мемлекеттік емес қарыздарды, ол бойынша төлем мерзiмдерi жақындаған, сондай-ақ заем берушiлер алдындағы өзге де мерзiмi өткен берешектердi өтеу және қамтамасыз ету бойынша берешектердiң болмауы;
9) жобаның жалпы құнын жаппайтын қарыз тартылған жағдайда, ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қоса қаржыландыру бойынша мiндеттемелердiң қамтамасыз етiлуі.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік емес қарыз бен инвестициялық жоба қатерiнiң шарттарына қарай мемлекеттік кепiлдiк алудан үмiткер тұлғаларға қойылатын қосымша талаптар белгілеуi мүмкiн.
208-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер беруге арналған инвестициялық жобаларды таңдап алу
Мемлекеттік кепiлдiктер беруге арналған инвестициялық жобаларды iрiктеп алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.
209-бап. Мемлекеттік кепiлдiк нысаны
1. Мемлекеттік кепiлдiк қарыз берушiмен бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жасасқан не мемлекеттік емес қарыз бойынша гаранттың мiндеттемесiн (кепiлдiк мiндеттемесiн) бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлетті органның қабылдауы туралы қарыз берушiнi жазбаша хабардар еткен мемлекеттік кепiлдiк (кепiлдiк шартын) ұсыну туралы жазбаша рәсiмделген шарт нысанында болуы тиiс.
Мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiн ұсыну туралы шарт болған кезде бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган заң актілерінде белгiленген тәртiппен қарызшының мiндеттемесiн кепiлдендiруге мiндеттi. Кепiлдендiру борышкердiң векселiнде немесе оған қоса берiлген қосымша парақта не ол берiлген орын көрсетiле отырып, жеке актiмен кепiлдендiрушiнiң қол қоюы түрiнде рәсiмделедi.
Осы баптың, осы Кодекстiң 210-бабының талаптарына сәйкес құжат қана мемлекеттік кепiлдiк болып танылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының қандай да болмасын актілерінiң немесе өзге де құжаттарының мемлекеттік кепiлдiк болатын заң күшi болмайды.
2. Әрбiр инвестициялық жоба бойынша кепiлдiк шартына, кепiлдiк берiлген мiндеттемеге, заемшының әрбiр мiндеттемесi бойынша кепілдемелерге бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы қол қояды.
210-бап. Мемлекеттік кепiлдiктiң мазмұны
1. Кепiлдiк шартында немесе кепiлдiк берiлген мiндеттемелерде:
1) соған сәйкес мемлекеттік кепiлдiк берiлетiн Қазақстан Республикасы Yкіметі қаулыларының деректемелерi;
2) қарызшының атауы және тұрған жерi;
3) қарыз туралы шарттың (келісімнiң) тараптары және қарызшының негiзгi мiндеттемесiнiң мазмұны;
4) кепiлдiк берiлетiн қарыз сомасы, берiлетiн мемлекеттік кепiлдiктiң күшi қолданылатын қарыз бойынша өзге де кепiлдiк берiлетiн мiндеттемелер;
5) мемлекеттік кепiлдiктiң қолданысқа енгiзiлу мерзiмдерi;
6) кепiлдiк шартына (кепiлдiк берiлген мiндеттемеге) қол қойған лауазымды тұлға көрсетiледi.
2. Кепiлдендiру үшiн борышкердiң векселіндегі белгiлеу нысанында лауазымды тұлға - жетiлдендiрушi көрсетiледi.
3. Шартта кепiлдiктер, кепiлдемелiк мiндеттемеде осы баптың 1-тармағының 4), 5) тармақшаларында көзделген шарттар болмаған жағдайда:
1) мемлекеттік кепiлдiк қарыз бойынша борышкердiң барлық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттік кепiлдiк қарыз туралы шарттың (келісімнiң) қолданысқа енгiзiлу мерзiмiнде берiлдi деп есептеледi.
Кепiлдiк шартында және кепiлдiк берiлген мiндеттемеде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген не оларға қол қойылмаған, сондай-ақ уәкiлеттi емес тұлға қарызшының мiндеттемесiн кепiлдендiруде осы Кодекстiң 219-бабының 2-тармағын бұзған жағдайда мемлекеттік кепiлдiк жарамсыз деп есептеледi.
211-бап. Мемлекеттік кепілдiктердi және олар кепiлдiк беретiн заемдарды ұсынуды есепке алу
Ұсынылатын мемлекеттік кепiлдiктер және олар кепiлдiк беретiн қарыздарды бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган өздерi белгiлеген тәртiппен тiркеуге және есепке алуға тиiс.
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган кепiлдiк берiлген мемлекеттік борыштың мониторингiн және оны басқаруды жүзеге асырады.
Мемлекет кепiлдiк берген қарыз алушы қарызшының қаржылық жай-күйiнiң мониторингi Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
212-бап. Мемлекеттік кепiлдiктiң орындалуы
Егер қарыз туралы шарттың (келісімнiң) талаптарында өзгеше көзделмесе, қарызшы кепiлдiкпен қамтамасыз етілген қарызды төлем мерзiмi басталған күнi және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде толық немесе iшiнара өтемеген жағдайда, кепiлдiк төлем күнi басталғаннан кейiн орындалуға тиiс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi жөніндегі мiндеттемелердiң орындалуына бағытталған қаражатты қайтару, қайта құрылымдау, борышкердi ауыстыру, талап мерзiмiнiң ескiруi, аталған қаражатты қайтару жөніндегі талаптарды тоқтату осы Кодекстiң 182-186-баптарымен реттеледi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдiгi жөніндегі мiндеттемелердiң орындалуына бағытталған қаражат осы Кодекстiң 176-бабына сәйкес белгiленген ставка бойынша iшкi кредиттік келісімде белгiленген мерзiм iшiнде мемлекеттік бюджетке өтелуге тиiс.
213-бап. Кепiлдiк берiлген мемлекеттік қарыздарды қайта құрылымдау
1. Кепiлдiк берiлген мемлекеттік қарызды қайта құрылымдау Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiм қабылдаған жағдайда қарыз берушi мен қарызшының келісімi бойынша жүзеге асырылады.
2. Қарыз берушiнiң талабы бойынша кепiлдiк берiлген мемлекеттік қарызды қайта құрылымдау кезiнде бұрын берiлген мемлекеттік кепiлдiктi Қазақстан Республикасының Үкіметі растауы немесе ауыстыруы мүмкiн.
3. Бұл реттегi кепiлдiк берiлген сома бұрын берiлген мемлекеттік кепiлдiк сомасынан артық болуы мүмкiн емес. Қайта берiлген мемлекеттік кепiлдiкке осы Кодексте белгiленген шектеулер қолданылмайды.
214-бап. Кепiлдiк берiлген мемлекеттік қарыз бойынша заемшыны ауыстыру
1. Кепiлдiк берiлген мемлекеттік қарыз бойынша қарызшыны ауыстыруға бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мақұлдаған жағдайда қарыз туралы шарт (келісім) тараптарының келісімi бойынша жол берiледi.
2. Кепiлдiк берiлген мемлекеттік қарыз бойынша қарызшы ауыстырылған жағдайда, мемлекеттік кепiлдiк Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде қарыз берушiнiң талабы бойынша ауыстырылуы немесе бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган арқылы расталуы мүмкін.
3. Бұл ретте кепiлдiк берiлген қарыз сомасы бұрын берiлген мемлекеттік кепiлдiк бойынша заем сомасынан артық болуы мүмкiн емес. Қайта берiлген мемлекеттік кепiлдiкке осы Кодекстiң 205-бабымен белгiленген шектеулер қолданылмайды.
215-бап. Мемлекеттік кепiлдiк қолданысын тоқтату негіздері
1. Егер:
1) қарызшы немесе гарант Қазақстан Республикасының Yкіметі кепiлдiк берген қарыз бойынша мiндеттемелердi толық орындаса;
2) кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемесiнде) көрсетiлген кепiлдiк мерзiмi өтсе; егер онда өзгеше айтылмаса;
3) қарыз туралы шартта (келісімде) және (немесе) кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемесiнде) арнайы айтылған жағдайларда;
4) кепiлдiк берiлген мемлекеттік қарызды қайта құрылымдау кезiнде ол жаңасына ауыстырылса мемлекеттік кепiлдiк өзiнiң қолданысын тоқтатады.
2. Мемлекеттік кепiлдiктiң қолданысы қарыз берушiнiң келісімi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, ал мемлекеттік кепiлдiк Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қайтарылып алынуы мүмкiн.
216-бап. Мемлекет кепiлдiгiмен алынған қаражаттарды пайдалануды шектеу
Мемлекет кепiлдiгiмен алынған қаражаттарды қарыз туралы шартта (келісімде) көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын кредиттеуге пайдалануға тыйым салынады.
217-бап. Мемлекеттік кепiлдiк бар қарыз туралы шарт (келісім) бойынша алынған қаражатты пайдалануды бақылау мен жауаптылық
Мемлекеттік кепiлдiк бар қарыз туралы шарт (келісім) бойынша алынған қаражаттарды пайдалануға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен бақылау жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кепiлдiк бар қарыз бойынша қарызшыға және кепiлдiк берген банкке Қазақстан Республикасының Yкіметі кепiлдiк берген қарыз бойынша алынған қаражаттарды мақсатсыз пайдаланғаны үшiн және қарызшы қарыз бойынша борыштық мiндеттемесiн орындамаған жағдайда мемлекеттік кепiлдiк бойынша бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі орталық уәкiлетті орган орындау үшiн пайдаланған қаражаттарды қайтарғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауаптылық жүктеледi.
47-тарау. Қарыз берушінiң мүдделерiн қорғау
218-бап. Қарыз берушi алдындағы мiндеттеменi жоюға немесе мерзiмiн кейiнге қалдыруға жол бермеу
Қарыз берушi алдындағы мiндеттемелер, соның iшiнде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiнен туындайтын мiндеттемелер бiржақты тәртiпте жойылуы немесе мерзiмi кейiнге қалдырылуы мүмкін емес.
219-бап. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарды заңсыз әрекеттерден қорғау
Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып қабылдаған және мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тарту, пайдалану немесе өтеу шарттарын нашарлататын актілерінiң заңды күшi болмайды.
220-бап. Дауларды шешу
1. Қарыз туралы шарттарға (келісімдерге), мемлекеттік борыштық бағалы қағаздар эмиссиясына, үкіметтiк кепiлдiктерге байланысты немесе олардың қызметiне байланысты даулар мен келiспеушiлiктер, мемлекеттік, үкiметтiк борышты, жергiлiктi атқарушы органдарының борышын немесе мемлекет кепiлдiк берген борышты басқаруды қоса алғанда, мүмкiндiгiнше келiссөздер жүргiзу арқылы не қарыз туралы шарттарда, мемлекеттік бағалы қағаздар шығару ережелерiнде белгiленген дауларды шешудiң бұрын келісілген рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.
2. Осы баптың 1-тармағының шеңберiнде қамтылмаған барлық қалған дауларды шетелдiк қарыз берушiнiң Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен және азаматтарымен дауларын қоса алғанда, егер тараптардың келісімiмен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары шешедi.
12-бөлiм. Қорытынды және өтпелі ережелер
48-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
221-бап. Қорытынды және өтпелі ережелер
1. Осы Кодекс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiледi.
2. 2005 жылға арналған республикалық және жергіліктi бюджеттер осы Кодекске сәйкес әзiрленедi.
3. Осы Кодекстiң қолданысқа енгiзiлу кезiнде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтiн бөлігінде қолданылады және оны қолданысқа енгiзген күннен бастап бiр жыл iшiнде осы Кодекске сәйкес келтiрiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының
Президентi